АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 21 Қыркүйек 2019 03:40

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

2019 жылдың 20 қыркүйек күні Азаматтық қорғаныс кафедрасының білім  алушылары арасында тілдер мерекесіне арналған «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған мерекелік  шараны кафедра оқытушылары: А.К. Анафина, А.К Кокишева, А.С.Магадилова, Д.Қ. Шаяхимов ұйымдастырды.  Мерекелік іс-шараның ашылуында кафедра меңгерушісі Рамазан Татжанұлы Кадыров құттықтау сөз сөйледі.

Білім алушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде А. Құнанбаевтың,           М. Жұмабаевтың, Т. Молдағалиевтың, М. Мақатаевтың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменнің көзайымына айналды.

 Мерекелік іс-шараның көркін Тузик Александр «Я казах» әнін орыс және қазақ тілдерінде орындап көрермендерді таң қалдырса,  Есенғалиев Дәстемнің «Алға Қазақстан» және  Өмірбек Аңсармен Нахипов Нұрболаттың орындауындағы «Мен қазақпын» әндері  қатысушылардың рухын көтерді. ӨҚ- 21 Б және ТЖ-31 А тобының мың бұралған биші қыздары «Сағыныш» биін билеп, сахнаның сәнін келтірді.

Аталған іс-шараға білім алушылар өте жақсы дайындықпен келіп, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын көрсетті.  Мерекелік іс-шара өте қызықты және жоғары деңгейде өтті. Мұндай іс-шаралар, жастардың арасында мемлекеттік тілге құрметпен қарауға және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге септігін тигізері сөзсіз.

Азаматтық қорғаныс кафедрасы