АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Қыркүйек 2019 10:45

Тіл – достық пен бірліктің дәнекері

2019 жылдың 20 қыркүйек күні  Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан халқының Тілдері күні  мерекесі қарсаңында  «Тіл – достық пен бірліктің дәнекері» атты фестивалі өтілді.

Колледждің білім алушылары ұлттық киімдерін киіп, қазақ, орыс, өзбек, украйн, татар, ингуш тілдерінде  сәлемдесу рәсімін көрсетіп, әр ұлттың ұлттық биін биледі. Білім алушылар ән мен жырдан шашу шашып, ұлттық билерді шабыттана орындады.

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, ұлы ақынымыздың  өнерін ұлықтау мақсатында колледжімізде Абай шығармаларын жатқа оқу эстафетасы басталғандығы жөнінде айтылып, эстафетадан үзінді көрсетілді.

Қазақстан халықтарының Тілдер мәртебесін ұлықтауға арналған фестиваль тартымды да мазмұнды өтіп, өз мәресіне жетті.

Жалпы білім беру кафедрасының тіл мамандары