АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019 05:21

«Жаңғырудың жаңа белесі – латын әліпбиі» тақырыбында өткен ғылыми- практикалық конференция

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде  «Достар» мәдениет сарайында  «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ кезең – кезеңмен латын графикасына көшу жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Жаңғырудың жаңа белесі – латын әліпбиі» тақырыбында ғылыми- практикалық конференция өтті.

Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласының Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - қазына» ұлттық ғылыми–практикалық орталығының ғалым - хатшысы, ф.ғ.к. Фазылжанова Анар Мұратқызы, Түркістан қаласынан Хожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Дағыстан Сардар, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Мусин Лайыс Қапезұлы  баяндама жасап, конференцияға қатысушы қала мұғалімдері мен колледж студенттеріне жаңа әліпбиді енгізу мәселелері бойынша пайдалы ақпараттар берді.

Аталған ғылыми - практикалық конференцияға Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары  Г.Е.Ибраева мен С.С.Усина және ТЖ-11В, ТЖ-11Г тобының студенттері қатысып, баяндамашыларға жаңа графика бойынша толғандырған  сұрақтар қою арқылы өз ойларымен бөлісті. 

Г.Е. Ибраева, С.С Усина

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp