13.09.2019 жылы колледжде Азаматтық қорғаныс кафедрасының күндізгі оқу бөлімінің 2-курс студенттерінің салтанатты түрде Ант қабылдау рәсімі өтті. Студенттердің Ант қабылдау рәсімі өрттен құтқару дайындығына арналған спорттық манежінде өткізілді.
Рәсім АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедра меңгерушісі Р.Т.Қадыровтың құттықтау сөзімен және білім алушылардың Ант қабылдау рәсімімен басталды.
АҚЖКК президенті Қасым Ш.Ж., ҚР ІІМ ТЖ Комитеті төрағасының орынбасары Нұрмағамбетов Т.Қ., Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов В.Т., ата-аналар мен студенттер құттықтау сөздерімен сөз сөйледі.
Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Шабаров С.С., Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Советов А.С., Көкшетау техникалық институтының бастығы, Азаматтық қорғау полковнигі Шәріпханов С.Д., Ш.Уалиханов атындағы КМУ ректоры экономика ғылымдарының кандидаты Сырлыбаев М. К. іс-шараның құрметті қонақтары болды.
Ант қабылдау рәсімінде АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасының студенттері демонстрациялық қойылымымен көзге түссе, ал өрттен құтқару спорт бойынша командасы «Оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл баспалдақтарымен көтерілу» жаттығуында өз шеберліктерін көрсетті.