12.09.2019ж – М.Ауэзова,184 жатақханасында кезекшілік жасаған кураторлар Р.А.Сарсенбаева, Н.В. Данилова, психолог Э.О. Куссиева және З.А. Петрова студенттермен жастар денсаулық орталығынан дәріс өткізілді.
Студенттермен «Ішек инфекциясы негіздерінің алдын алу, жеке гигиена және салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында дәріс және әңгіме өткізілді, шараға 47 студент қатысты.
Әңгіменің мақсаты: студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын жақсарту. Ауру туралы білім беру. Өз денсаулық үшін құндылықты қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру. Инфекциядан қорғау әдістері туралы білімді жалпылау.
Денсаулыққа зиянды қауіпті және төтенше жағдайлардың алдын алу қабілетін қалыптастыруға ықпал ету. Емтихан мен емдеуді жүргізетін ұйымдар туралы ақпарат беру.
Танысу, команда құру және көшбасшыларды анықтау үшін психолог тренинг өткізді. Сондай-ақ жатақхананың тұрмыс жағдайына қанағаттану мәселесі бойынша ауызша сауалнама жүргізілді. Кездесу пікір талас түрінде өтті, барлық қатысушылар бұл мәселені талқылады және өз ұсыныстарын жасады. Кездесудің қорытындысы бойынша білімалушылар кездесуден алған әсерлерімен бө лісті, ал білім алушыларға болашақ кездесулерге қызықты тақырыптарды таңдауға кеңес берілді.
Р.А.Сарсенбаева, Н.В. Данилова