АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 11 Қыркүйек 2019 11:41

Жатақханада тәрбие сағаты мен психологиялық тренинг өтті

2019 жылғы 10 қыркүйек күні «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінің жатақханасында тұратын білім алушылармен тәрбие сағаты мен психологиялық тренинг өтті. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет».Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін білім алушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Құқық бұзушылық мәселелері талқыланғаннан кейін білім алушылардың көңіл – күйлерін сергіту мақсатында тәрбие сағатының қорытынды бөлімінде психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: білім алушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Тренинг 8 бөлімнен тұрды. Әр бөлімде қызықты тапсырмалар болды. Барлық білім алушылар тренингке жұмыла қатысты.

Тренинг соңында білім алушылар өз ықыластарын білдіріп, алған әсерлерін ортаға салып бөлісті.

Омиралина М.К.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp