2016 жылдың 26 қаңтар күні Кокшетау қаласындағы М.Жұмабаев атындағы АОӘҒ кітапханасына «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» атты жас ақындармен кездесуге төтенше жағдайда қорғау мамандығының 2 курс оқушыларымен бардым. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған кезесуде жас ақындар Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов, Мерген Тоқсанбай, Бақытбек Қуаныш болды. Қаламы жүйрік жас ақындарымыз оқырмандардың алдында өз өлеңдерін орта салып, көпшілік көңілінен шықты. Өлеңді жанына серік еткен Қуаныш Ерғалиұлы «Ауылым» туындысын оқығанда отырған жастардың көз алдына өз аулының бейнесі келмегеніне кім кепіл ? «Ауылым» деген сөздің бір өзінде қанша мағына мән жатыр десеңші!
Орталық кітапханаға барған топ үшін бұл бір тамаша кездесу болды. Кездесу аяқталған соң оқушылармен бірге кітапхананы аралап, оқырман билетін алдық.
Нурсеитова Р.З.