03.09.2019ж. НО-12 С тобының кураторы Есентаева Нуругль Канатаевна Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағатын» өткізді.
Өткен шарада 1 курс студенттері белсенділік көрсетті.
Әңгіменің басты мақсаты: жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ барысында келесі сұрақтар қозғалды:
-Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.
-Шыншылдық, турашылдық –өлмес рух пен арлылықтың, адалдықтың алғышарты. Кез келген халықтың моральдық қағидасы – осылай.
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – күн тәртібіндегі басты мәселе.
-Білім бері жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.
-4 негізгі құндылық: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім.
Сондықтан біздің колледж студенттері үшін адалдық пен әдептілік - бұл өмірлік ұстанымымдары болып табылады.
Есентаева Н.К.