Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушысы Абылай Тыныштықұлы Шаменов жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Алғыс хатымен марапатталды.
Абылай Тыныштықұлы өз ісіне адал, зор жауапкершілікпен қарайтын айтулы ұстаздардың бірі. Оның тәлімін көрген жас буын талай –талай спорттық жарыстарда үздік деп танылып, колледждің ғана емес Ақмола облысының абыройын асқақтатып жүр. Біз әріптесіміз Абылай Тыныштықұлын Министрдің Алғыс хатын алуымен шын жүректен құттықтаймыз. Әріптесіміздің алар асуы алда болып, мерейі үстем, абыройының асқақтай беруін тілейміз!