15 қаңтарда филологиялық- педагогикалық ПӘБ-нің төрайымы Анисова Айгерим Сагындыковна жас оқытушылардың арасында «Шеберліктің жеті түсі» атты әдістемелік КТК өткізді.
КТК-на жас оқытушылардың үш командасы қатысты: «Дельфин» командасы, «Домбыра» және «Солнышко» командалары.
Әдістемелік КТК жеті сайыстан тұрды: қызыл доға- «Таныстыру», қызылғылт сары доға – «Бұл нені білдіреді?», сары доға- «Қарсыластың портреті», жасыл доға- «Сұрақ- жауап», көгілдір доға- «Педагогикалық терминдердің сөздігі», көк доға- «Жарнама», күлгін доға- «Педагогикалық жағдайларды шешу».
Командалардың барлық ойыншылары сайыс тапсырмаларын орындауда өз белсенділіктерін көрсетті: өз командаларын таныстырды, суреттерге ат қойды, қарсыластардың портретін жасап, оларды сипаттады, сұрақтарға жауап берді, негізгі педагогикалық терминдерге анықтама берді, технологиялар мен әдістерді жарнамалады, педагогикалық жағдайларды шешті.
Ойынның әділ- қазылар алқасына ТЖ, ӨҚ және дизайн ПӘБ төрайымы Омиралина Майгуль Куанышевна, қазақ тілі және әдебиет пәнінің жоғары санатты оқытушысы Ибраева Гульмайра Ескендировна, орыс тілі және әдебиет пәнінің жоғары санатты Артюхова Наталья Александровна кірді. Әділ- қазылар алқасы ойынды қорытындады: «Солнышко» командасы- ІІІ орын, «Дельфин» командасы – ІІ орын, «Домбыра» командасы- І орын. Барлық командалар тәтті сыйлықтар мен мақтау қағаздармен марапатталды. Әдістемелік КТК алға қойылған мақсатына жетті.
Анисова А.С.