АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 07 Мамыр 2019 09:09

Ән және сап облыстық байқауы

06.05.2019 ж. ӨҚ-11Г, ЧС-12Ж, ПВ-32 топтары білім алушылары кураторлар Ержанова А.Б. және Нугманова А.Б. басшылығымен «Тәуелсіздік» алаңында болды, онда Отан қорғаушылар күні қарсаңында Жеңіс күніне арналған ән және сап облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың қатысушылары Ақмола облысы колледждерінің білім алушылары.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі қатысушылары – кәсіби жауынгерлерге тән үлкен жауапкершілікпен жақсы сап түзеу мен ән салу өнерін көрсетті.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі қыздар командасы жүлделі 3 орын алды, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, кубок, дипломдармен марапатталды. Сөз сөйлеген қонақтар айтқандай: «Мұндай іс-шара жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің үлгісі болып табылады».

Нугманова А.Б.