АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 02 Мамыр 2019 02:59

Тренинг «Кім екенін тауып ал»

29.04.2019 ж  ұлдардың жатақханасында  тренинг өткізілді. Тренинг тақырыбы: «Кім екенін тауып ал».  Ойын барысында білім алушылар салған суреттері бойынша бір – бірінің қасиеттерін сипаттады. Топтық тимбилдинг тапсырмасын орындау барысында бір – бірін тыңдауға, әрі бірлесіп жұмыс жасауға үйренді.

Кім екенін тауып ал. (бір – біріңді қаншалықты жақсы танисыз?)

Мақсаты:

  • Қатысушыларға бір – бірін жақсы танып білуге көмектесу;
  • Бірлескен жұмысқа тарту.

Құрал - жабдықтар: маркер, А4 қағаз, флипчарт.

Ойынның барысы

Тренер сұрағы: «Бір  - біріңмен қаншалықты жақсы араласасыздар  және танисыздар?»

Жауаптар тыңдалғаннан кейін қатысушыларға келесі тапсырма беріледі: «5 (10) минут ішінде «Бұл мен»  деп айтуға болатындай өздеріңді суреттеңдер. Суретке есімдеріңді жазбаңдар.

Уақыт аяқталғаннан кейін суреттер жиналып, ортаға мынадай сұрақтар қойылады:

  • Бұл қандай адам?
  • Бұл кім? 

Қатысушылар, суреттер бойынша, кімнің салғанын табуға тырысады.

Топ мүшелері берілген адамды тапқаннан кейін, сурет иесі өзінің суретіне түсініктеме береді.

Қатысушыларды топқа бөліп , флипчарт ұсынып , таңдап алған сөздерін маркерге қолдарын тигізбей, жіптен ұстап , бірлесіп жазуға тапсырма беріледі.

Есмагулова А.Б

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp