АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 24 Ақпан 2016 00:00

Жас оқытушылар мектебі

     Колледждің тәжірибелі оқытушылары  жас педагогтарының ғылыми- әдістемелік әрекеттеріне жетекшілік ету, олардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату, жеке педагогикалық  қабілеттерін ашу, тұрақты өзін- өзі даму және өзін- өзі жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру мақсатымен Жас оқытушылар мектебінде дәріс береді.

14- қаңтарда бастауыш білім берудің педагогика және әдістеменің жоғары санатты оқытушысы Бортникова Людмила Леонидовна «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» атты жас оқытушыларға дәріс берді.

     Өткізілген сабақ мақсаты: оқушыларды танымдық үрдіске кірістіру арқылы олардың сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақ міндеттері: ұйымдастырушылық- әрекеттік ойын өткізу.

Қолданылған әдістер: семинар қатысушылардың шығармашылық бірлестігі, оқу материалына талдау жасауды дамыту.

    Жас оқытушылар сабақ барысында «Жаман мұғалім шындықты айтады, жақсы мұғалім шындықты табуға үйретеді» деген ұран бойынша жұмыс істеді.

    Жас оқытушылар сын тұрғысынан ойлау технологиясы жайында нені білетіндерін және нені білгілері келетіндері туралы кесте толтырды, «Инсерт» стратегиясы бойынша мәтінмен жұмыс істеді, «Жіңішке және жуан сұрақтар» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап берді, кластер құрастырып, қорғады, сабақтың қорытындысын шығарды. 

 

Анисова А.С.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp