АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 30 Сәуір 2019 08:37

«Ашық есік күні»

Ағымдағы жылдың 25-26 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Ашық есік күні» өтті.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде осы күндері 220 оқушы қонақта болды. Көкшетау қаласы мектептерінің оқушылары аймақтағы мықты оқу орындарының бірімен танысуға қуанышты болды.

Біздің қонақтарымыз колледж жайлы презентациямен, қызықты бейнесюжеттермен танысты. Колледж ғимаратына экскурсия жасау барысында балалар оқу кабинеттерінің  материалдық-техникалық базасын тамашалады.

Іс-шараны ұйымдастыруға колледж студенттері де ән мен жырдан шашу шашып, белсене атсалысты. Нәтижесінде «Ашық есік күні» қонақтардың есінде қаларлықтай әсерлі өтті.

Іс-шара соңында мектеп оқушылары колледж жайлы алған әсерлерімен бөлісіп, жылы ниеттерін білдірді. Әрине, қала мектептерінің оқушыларын колледжіміздің ертеңгі студенттері болатындығына сеніміміз мол!

Куценко А.Д.