АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 25 Сәуір 2019 11:52

«Үздік педагог-2019»

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 2019 жылдың 24-25 сәуір күндері «Үздік педагог - 2019» байқауы өтті. Аталған додаға мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік болып оза шапқан 5 оқытушы қатысты. Олар: Абильтаева С.Б.- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы, Касимова М.Д.-тарих пәнінің оқытушысы, Каженова С.Л.- арнайы пәндер оқытушысы, Акиньшин Н.А.- азаматтық қорғаныс кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы, Кенжеболатова С.К.- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы. Байқау екі кезеңнен тұрды:

Шеберлік-сынып (20 мин) 24 сәуір күні өткізілді.

Өзін-өзі таныстыру «Менің кәсіби кредом» (7 мин).

-Шығармашылық шеберлік (7 мин)

-Эссе «Мен заманауи ұстазбын» (5 мин)

-Портфолио

Жоғарыдағы кезеңдердің барлығына қатысушылар мықтап дайындалып келген. Ән айтып, би биледі. Бала тәрбиелеу жолындағы шығармашылықтарын көрсете білді. Нәтижесінде Каженова С.Л. суырылып алға шықты да Бас жүлдені қанжығасына байласа, Акиньшин Н.А. І орынды, Касимова М.Д. ІІ орынды иеленді. Абильтаева С.Б. мен Кенжеболатова С.К. белсенді қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушыларға «Жарайсыздар!» дегім келеді.

Директордың ОӘ және ҒЖ жөніндегі орынбасары Аскарова А.К.