АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2019 11:43

Жаттығудың жемісін сайыста көресің

2019 жылдың 24 сәуір күні «Азаматтық қорғаныс апталығы» іс-шарасы аясында, кәсіби шеберлік пен әскери дайындықты шыңдау мақсатында, Жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжі аумағындағы оқу-жаттығу кешенінде, 2-4 курс білім алушыларының арасында өрттен құтқару дайындығы мен газ түтіннен қорғау спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың салтанатты ашылуында азаматтық қорғаныс кафедрасының меңгерушісі азаматтық қорғаныс полковнигі Р.Т. Кадыров сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға жеңіс мен сәттілік тіледі.

Жоғарыда аталған сайыс азаматтық  қорғаныс кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы: Н.А. Акиньшин, М.Аяған, және Қ.К. Оспановтың дайындап,   ұйымдастыруымен өткізілді.

Жарыс төрт кезеңге бөлініп өткізілді:

Бірінші кезең – Бөлімше құрамында әскери киім мен құралдарды киу.

Екінші кезең – Зардап шегушіге екі күрмеулі құтқару арқанын байлау.

Үшінші кезең – Оқу-жаттығу мұнарасының үшінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен шығу.

Төртінші – Газ-түтіннен қорғау қызметі құрамында  мүмкіндгі шектеулі аумақта іздестіру-құтқару жұмыстары.

Жарыс нәтижесі бойынша жарысқа қатысушы командалар төмендегі нәтижелер көрсетті:

1 орынды 17,5 баллмен ӨҚ -31 А оқу тобы жеңіп алса, 2 орынды 17.0 баллмен ЧС -22 А оқу тобы иеленсе,ТЖ- 21 А оқу тобы 16.0 баллмен 3 орынды қанағат тұтты.

Азаматтық қорғаныс кафедрасы