2019 жылдың 18 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Рухани жаңғыру мен Жастар жылы аясында және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде «Мен - жастарға сенемін!» атты тарихи - мәдени танымдық сайысы болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: білімалушыларды еліміздің тарихи-мәдени мұрасына баулып, аға буын мен жастардың арасында сабақтастықты қалыптастыру.
Айтулы сайыста колледждің аға буын ұстаздары: Ибраева Г.Е., Касымов М.Ж., Бекахметова Ж.С., Оспанова Р.Н., Альжанов Р.У., Аминов Р.А. құралған «Алаш аманаты» тобы және жас оқытушылар: Есмагулова А.Б., Оралова М.Б., Есентаева Н.К., Герасимова А.Ф., Аяған А.Қ., Патиев Б.М., Әдікен М кірген «Жастар» тобы, сонымен қатар колледж студенттері- Берлибекова М., Нахипов Е., Серикова К., Иманжанова Ы., Омирбеков А., Бйкенова Г «Нон STOP» топтары белсене қатысып, ел тарихына терең бойлап, Елбасының мақаласын аудиторияда отырған көрермендерге паш етіп, актерлік шеберліктерінен де сыр шертті. Сайыс барысында қызықты да, қисынды алуан түрлі тапсырмалар болды. Солардың барлығынан мүдірмей, шаба озған «Жастар» командасы жүлделі І орынды, «Алаш аманаты» ІІ орынды және студенттерден құралған «Нон STOP» командасы ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
ОӘ және ҒЖ жөніндегі директордың орынбасары Аскарова А.К.