АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 17 Сәуір 2019 11:14

Гір спортынан XIX қалалық «Сұңқар» Универсиадасында командалық есепте жоғары оқу орындары арасында 1-ші орын алған АҚЖКК (ВМКГЗ) командасын құттықтаймыз!

15-16-ші сәуір аралығында «Бурабай» спорт кешенінде өтінім бойынша Гір спортынан қалалық «Сұңқар» Универсиадасы өтті. Универсиадаға 6 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, тоғыз салмақ дәрежесі бойынша білім алушылар жақсы өнер көрсете білді. Бұл жарыс өте тартысты және белсенді өтті.

Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледж студенттері өздерінің дайындықтарын және өжеттіліктерін ашық және айқын көрсетті.

Ұлдар арасында 48 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынға ДТ-11 тобының студенті Асқарбеков Дамир ,+85 салмақ дәрежесі бойынша ЧС-12 С тобының студенті Федоренко Сергей 2-ші орынға ие болды және 53 келі салмақ дәрежесінде 3-ші орынды ФК-12С тобының студенті Долинный Евгений иеленді.

Қыздар арасында 53 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынды ТЖ-21С тобының студенті Байденова Толғанай және 3-ші орынды ДТ-11 тобының студенті Ибраева Нұрсулу жеңіп алды . Біздің спортшыларымыз бұл жарыста өздерінің мықты рухтарын және қайратын көрсете білді және дәлелдеді.

Осы жүлделі орындардың ұпай саны бойынша АҚЖКК (ВМКГЗ) тобы топтық есепте 1-ші орынға ие болды.