АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 16 Сәуір 2019 11:28

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-ЖОБА»

2019 жылдың 15 ші сәуірінде "Шығармашылық бум!" атты ұранымен "Әлеуметтік-экономикалық пәндер" кафедрасы апталығында Леонардо да Винчидің 560 жыл толуына арналған байқау өтті. Бұл байқаудың мақсаты білімалушыларға Леонардо да Винчидің өмірімен және оның шығармашылық жұмыстарымен танысу, зерттеу. Оның туындылары қаншалықты қоршаған ортамен, табиғатпен байланысы бар екенін түсіндіру.

Бұл байқауда "Бастауыш білім беру", "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Өрт қауіпсіздігі", "Төтенше жағдайда қорғау" мамандықтары бойынша бірінші курс білім алушылары белсенділік танытты.

Осы байқауға пластикалық бөтелкелерден, қасықтан, стакандардан түрлі жобалар дайындалып ұсынылды. Білімалушылар өздерінің жобаларын қорғап, сонымен қоса Леонардо да Винчиге арналған бейне-баяндар, презентациялар көрсетті.

Аминов Р.А., Абдыгалиева К.А., Бейсенбаева Г.А., Корнева О.С.