АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 12 Сәуір 2019 05:24

Мемлекеттік басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Достық үйіне баруы

Мемлекеттік басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында  ФК-12 С тобы мен НО-12 С топтары 10 сәуір 2019 ж. Көкшетау қаласындағы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Достық үйіне барды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Достық үйі 2014 жылы 3 қыркүйегінде ашылды.Оның ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.Достық үйі-әлеуметтік жоба, оның құрлысының бүкіл областық мешіті мен салынып жатқан християн храмына жақын көркем жерде орналасқан.Ғимараттың жалпы ауданы 4 мың м2 асады.Достық үйінде өңірдің мәдени-сауық қызметінің деңгейін көтеру үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған.

Холда этномәдени орталықтардың қызметін көрсететін көрме сөрелері, сондай-ақ дайындық, хореографиялық залдары, үлкен акт залы, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің кабинеттері, ана тілін үйрену сыныптары бар.

«Достық үйі» жұмысының негізігі мақсаты мен міндеті ол: қазақстандық патриотизмді дамыту, рухани бірлік пен келісімді нығайту, этносаралық достықты орнату, және өзге ұлт өкілдерінің мәдени – бұқаралық, шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік жасау болып табылады. Этномәдени бірлестік өкілдерінің республикалық, облыстық және қала бойынша өтіп жатқан барлық іс-шаралардан қалыс қалмай, өнер көрсету.

Касимова М.Д., Жунусова Н.А.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp