09.04.2019ж. «Педагогикалық пәндер» апталығында Ж.С.Бекахметова ЖББ-31 және МДО-21 білім алушыларының арасында музыка пәні сабағынан сабақтан тыс «Музыкалық көңіл күй!» атты музыкалық сайыс сабағын өткізді.Сайыстың мақсаты - білім алушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, музыкалық сауаттылық пен шығармашылықты дамыту, сөздік қорларын байыту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.
Сайыскерлер сайыс алдында топтың аты, ұранымен таныстырып өтті. Сабақ барысында берілген тапсырма бірнеше айналымнан тұрды, олар: «Әуенді тап», «Әріп пен ән», «Пародия жасау», «Ән жазайық өзіміз», «Жұмбақ сайысы», «Музыкалық аспаптың үнін тап», «Музыкалық диктант», «Көңілді оркестр».
Әділқазылардың шешімі бойынша, МДО-21 тобының білім алушылары жеңімпаз атанды. Сайыс қарсылас топтардың бірлесіп орындауындағы «Көңілді ән» атты хормен аяқталды. Сабақ қорытындылай келе, музыка жетекшісі барша қауымға жақсы көңіл-күй тіледі.
Ж.С.Бекахметова