Қараша айынының 14 жұлдызында Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде Көкшетау қала мектептерінің 9 сынып оқушылары арасындағы Олимпиада болып өтті. Олимпиаданың ашылуына «Көкше» Академиясының ректоры Касым Ш.Ж, «Көкше» Академиясының вице президенті Кривошеев В.П және әр мектептің мұғалімдері қатысты. Олимпиада Ұлы Жеңістің 70 жылдығы Ұлы Отан Соғысы кезіндегі Кеңес Одағының Батыры, Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының профессоры, КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығымен тұспа – тұс келді.
Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша ұйымдастырылды. Көкшетау қаласынан 21 мектептен 205 оқушы қатысты. Жеңімпаздарға сертификаттар мен мадақтама қағаздары беріліп, мектеп басшыларына алғыс хат тапсырылды.
Бағдарлама барысында қатысушыларға «Батыр, Ұстаз, Ғалым» атты жерлесімізді ұлықтайтын, ұрпаққа өнеге болатын шара өтті. Шарада «Мәлік майдан даласында», «Б.Момышұлына жазған хаты» көрінісі өте тартымды өтті.
«Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайда қорғау» мамандықтары бойынша қойылымдар көрсетіліп, олимпиада қатысушыларының көңілінен шықты. Өрт сөндіру кезіндегі алғашқы көмектер туралы Г.А. Аубакиров баяндап берді.