2019 жылдың 10 сәуірінде психология пәнінің оқытышысы С.А.Бейсембаева педагогикалық пәндер апталығы аясында «Бастауыш білім беру» мамандығының НО-12 тобында «Өмірде бәрін қайта түзеуге болады» тақырыбында психологиялық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты-агрессивті жағдайдың алдың-алу болды. Тренинг барысында стрестік жағдайды жоюға бағытталған жаттығулар жүргізілді.
Кризистен шыға алмаудың соңы неге әкеліп соғатыны жөнінде видеороликтер көрсетілді.Сонымен қатар «Ник Вуйчичтің тарихы» фильмін тамашалау арқылы өмірде бәрін қайта түзеуге болатынына көз жеткізді.
Сабақтың соныңда білім алушылар адами құндылықтар жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салып, «Өмір –өте тамаша, керемет! «Өмірде әлі бәрін үлгеруге болады!» деген қортындыға келді.
С.А.Бейсембаева