АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 05 Сәуір 2019 10:18

Асық атудан АҚЖКК (ВМКГЗ) тобы Асық атудан жоғары оқу орындары арасында 3-ші орынға ие болды!

04.04.2019-05.04.2019ж аралығында Қазақтың ұлттық ойындары «Асық ату» және «Бес асық» ойындарынан жоғары оқу орындары арасында өтінім бойынша XIХ қалалық «Сұңқар» Универсиадасы өтті. Бұл жарыс қызықты әрі жақсы деңгейде болды.

Асық атудан Сиражиддін Қаныш (ТЖ-31Б), Шаймерденов Бағлан(ТЖ-31Б) және Әбдібек Мадияр(ТЖ-31А) қатысып, 3-орынды қанағат тұтты. Топтық есепте «Асық атудан» Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі  3-орынға ие болды.

Алдағы уақытта жоғарғы белестерден көрінеді деген сенімдемін.

Дене тәрбиесі оқытушысы: Әдікен Мейірбек Маралбекұлы