12 -14 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне арналған Ақмола облысы бойынша жалпы білім беру мектептері мен кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің оқушылары арасында алғашқы әскери дайындық бойынша облыстық Олимпиада өтті. Біздің колледжден екі оқушы қатысып жүлделі орынға ие болды. Нұртазин Әділет Олимпиаданың бірінші айналымында 1-ші орынға ие болды, ал Загрутдинов Радион жалпы нәтиже бойынша 3-ші орын алды. Барлық қатысушыларға Ақмола облысының білім басқармасының тарапынан грамоталар мен сертификаттар берілді.
Кайникенов А.Б.