АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 14 Наурыз 2019 09:19

Ұлы дала жастары

13.04.2019ж. күні ӨҚ-21 С тобы мен ӨҚ-11 С топтарының студенттері кураторлар Ұ.О.Тойлыбаева мен Т.С.Ибраев «Ұлы дала жастары» атты Қазақстанның жас композиторларының қатысуымен  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор дерижер Айтқали Жайымовтың шығармашылық кешін тамашалады. Кеш рухани жаңару мен жаңғыруға бастама болып жүрген Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы залында өтті.

Аспаптар оркестірінің сүйемелдеуіндегі әндер мен ырғақты музыка залдағы көрермендер мен топ білім алушыларын тәнті етіп, әдемі әуезге жетеледі. Кештен ерекше әсер алған студенттер ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, топ кураторларымен алған әсерлерін бөлісті.

Тойлыбаева Ұ.О.