АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 12 Наурыз 2019 07:53

Эстафеталық ойындар жарысында - 3 орын!

2019 жылғы 10 наурыз күні Көкшетау қаласында «ТӘНІ САУДЫҢ-ЖАНЫ САУ» атты эстафеталық ойындар жарысы өтті. Тартысты жарысқа Көкшетау қаласының жоғары және арнайы орта оқу орындары қатысты. Біздің командамыз Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі 3 орынға ие болды. Команданың құрамына келесі білім алушылар қатысты: Бұғыбай Ақжол, Мұхтар Ербаян, Каппасов Ернур, Сатуалдин Рустам, Алтынбекұлы Нұрлан, Нысанбай Ескендір.

Жеңіске деген ерекше құлшыныстары мен спортқа деген сүйіспеншілігі арқасында 3 орынға жеткен біздің білім алушыларды  құттықтаймыз!