Ағымдағы жылдың 4 наурыз күні ТЖ 21-А тобында куратор жоспарына сәйкес «Аналарды құрметтейік» атты ашық сабақ өтті. Куратор сағатының мақсаты білім алушылардың бойында ата-анаға деген құрмет пен сыйластық сезімдерін нығайту.
Топ 4 командаға бөлініп, төрт түрлі сайыс өткізілді. Соңғы сайыста балалар 8 наурыз мерекесі қарсаңында аналарына арнап ізгі тілектерін жазып, плакатқа әр команда суреттерін салды. Жеңімпаз команда анықталып, сайыс қорытындысы жарияланды.
Аталған куратор сағатына оқытушылар:Т.С.Ибраев және М.К.Өмірәлина қатысты. Сонымен қатар, «Ана қадірін білейік» атты бейнеролик көрсетілді. Куратор сағаты өте қызық және мазмұнды өтті.
Топ кураторы: Д.Қ. Шаяхимов
Азаматтақ қорғаныс кафедрасы