АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 08:08

АҚЖКК командасы облыстағы ең үздіктердің бірі!

Ақпан айының 25-26-сы аралығында Чаглинка ауылында облыстық «Кезен» спартакиада аясында аймақтық баскетбол жарыстары өткізілді.АҚЖКК командасы бірінші күні №1Құрылыс-техникалық колледжімен және Чаглинка ауылының ВАТК командаларымен кездесті.№1Құрылыс-техникалық колледжін 47:6 есебімен,ВАТК командасын 35:48 есебімен жеңіске жетіп, аймақтық жарыстың екінші кезеңіне жолдама алды.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша келесі турға АҚЖКК, Арна, ВАТК және ВТК командалары шықты.Біздің командамызға финалдық ойындарға жолдама алу үшін бір ғана жеңіс қажет еді,біз сол жеңіске Арна командасын 43:34 есебімен жеңіп, финалдық ойындарға жолдама алдық.

Финалдық облыстық жарыс 28 ақпан 3 наурыз аралығында Чаглинка ауылының ВАТК базасында өтті.Финалдық кезеңде облыс бойынша жолдама алған 7 команда қатысты.Жеребе тастау шешімі бойынша командалар А және Б топтары болып екі топқа бөлінді.

  1. ВКЭЛХиТ г. Щучинск
  2. ВМКГЗ г. Кокшетау
  3. Горно- технический колледж г. Степногорск
  4. АТК №2 с. Каменка

 Топтық кезең ойындарында АҚЖКК қарсылас командаларының барлық ойындарында сенімді жеңіске жетті.

ВКЭЛХиТ : ВМКГЗ - 21:56

ВМКГЗ : Горно- технический колледж – 53:23

АТК №2 : ВМКГЗ – 24:69

Жарыстың жартылай финалында біздің команда Щучья педагогикалық колледжі командасымен ойын тең дәрежелі өтті, жеңіске ешкім жол бергісі келмеді.Ойынның соңына қарай АҚЖКК нәтижелі шабуылдар арқасында 33:22 есебімен жеңіске жетті.

Облыстық баскетбол жарысының актық кезеңінде Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжімен АҚЖКК командасы кездесті.Ойын жоғары дәрежеде өтті және іс жүзінде ережелерді өрескел бұзу болған жоқ.Екі команда да әдемі және тартымды ойын көрсетті.Бұл кездесуде Жоғары техникалық колледжі жеңіске жетіп,АҚЖКК командасының ойыншыларына жақсы ойын үшін алғыс білдірді.

Облыстық жарыста жақсы нәтижеге қол жеткізгені үшін Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжін құттықтаймыз.Алдағы уақытта сәттілік және спорттық жетістіктер тілейміз

Команды өкілдері: Перешивкин В.В., Эберц А.В.