АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 05:01

Тазалық - денсаулық кепілі!

Наурыз айының алғашқы күні Әуезов көшесі, 184-үйде орналасқан студенттер жатақханасында жоспарлы кезекшілігімді атқардым. Кезекшілік барысында жатақханадағы тәртіп, тазалық, ұқыптылық, жауапкершілікке қатысты студенттермен біршама әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тазалықты сақтау, денсаулықты сақтаумен тең екенін балаларға ұғындыруға тырыстық.

Сонымен қатар, ауа райының маусымдық өзгерістеріне қатысты да сөз қозғалды. Желдің қатты үйіткуі, даладағы көктайғақ кездерінде жолда жүру тәртібін қатаң қадағалау керектігі баса назарға алынды. 

Өткізген: С.К.Кенжеболатова