АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 01 Наурыз 2019 06:16

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» кәсіби шеберліктің «Құтқару жұмыстары» құзіреттілігі бойынша аймақтық чемпионаты

26 ақпанда АҚЖКК-де  алғаш рет «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» кәсіби шеберліктің «Құтқару жұмыстары» құзіреттілігі бойынша аймақтық 

  Аталған чемпионатқа алты команда қатысты:

1- команда ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық  институты

2- команда ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық  институты

1 -команда Степногорск «Максат»колледжі

2 -команда Степногорск «Максат»колледжі

1- команда АҚЖКК

2- команда АҚЖКК

Жарысқа қатысушылар «Құтқару жұмыстары» құзіреттіліктерінің  7 түрі бойынша жарысты:

  1. Зардап шегушіге өртке қарсы киімді пайдалану арқылы дәрігерге дейінгі көмек көрсету және көшіру.
  2. Альпинистік дайындық: зардап шегушіні құтқару арқанымен екі қабатпен байлау әдісі.
  3. Өрт сөндіру техникалық жабдықтарымен жұмыс: өрт сөндіру жеңдерін жинау және жалғау.
  4. Жаттығу мұнарасының 3-қабат терезесіне шабуылдық саты арқылы көтерілу.

5.Құтқарушылар эстафетасы.

6.Өртке қарсы киім мен жалпыәскери газқағарларды кию.

  1. ТЖ аймағынан жарылғыш заттарды іздестіру және көшіру.

  1- құзіреттілікті орындау барысында қатысушылар зардап шегушіні түрлі жарақаттарда тасу дұрыстығын көрсетулері керек болатын. 2-құзіреттілікте қатысушыларға жабдықтарды  іскерлікпен пайдалану, сондай-ақ альпинистік арқанды алу және максималды физикалық салмақты көтеру қажет болды.  Өрт сөндіру техникалық жабдықтарымен жұмыс: өрт сөндіру жеңдерін жинау және жалғау жарысқа қатысушылардың 3-құзіретіне енді.  Ең әсерлі және қызықты келесі кезең - жаттығу мұнарасының 3-қабат терезесіне шабуылдық саты арқылы көтерілу болды. Ең әсерлі көрініс  жарыстың келесі түрі - құтқарушылар эстафетасы болды. Барлық 5 модуль бойынша  жарысқа қатысушылар АҚЖКК-нің  жабық манежінде жарысты, содан кейін келесі екі түрі бойынша  балалар АҚЖКК-нің  екінші корпусының оқу-өрт сөндіру бөлімінде және жылубукамерасында жарысты.

 Алғашқы «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN»  кәсіби шеберліктің «Құтқару жұмыстары» құзіреттілігі негізінде өткен  аймақтық чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орынды - АҚЖКК  2 – командасы, екінші орынды - АҚЖКК 1-командасы, үшінші орынды- КТИ  2 – командасы,төртінші орынды- бірдей ұпай алған 2 команда- КТИ 1-командасы және  Степногорскінің  2-командасы иеленді, алтыншы орынды Степногорскінің  1-командасы иеленді.

Міне «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN»  кәсіби шеберліктің «Құтқару жұмыстары» құзіреттілігі негізінде өткен  алғашқы аймақтық чемпионат қатысушылардың дайындығын көрсетті. Келесі жарыстар жыл сайын өтеді, ал қатысушылар жылда жақсы нәтижелер көрсетеді деген үміттеміз.

Біз қоштаспаймыз, көріскенше дейміз!