АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 04 Наурыз 2019 05:01

Кәсіби бағдар беру жұмысы

Көкшетау қ. "№1 орта мектеп" КММ 2019 ж. 26 ақпанында оқытушылар Сатиева Сауле Мұхтарқызы мен Бейсембаева Самал Аманжоловна және

ЧС-22А тобындағы 2 курс білімалушысы Айдархан Расул барды.

Мақсаты: оқушылардың кәсіби бағдар беру жұмысы. 

Оқытушылар колледж туралы айтып, мамандықтар туралы, оқуға түсу емтихандары туралы, колледж жетістіктері туралы ақпарат берді.

ЧС-22А тобындағы 2 курс білімалушысы Айдархан Расул (осы мектептің түлегі) өзінің жақсы оқып ,жоғары степендия алып, бір жыл ішінде 10 және 11 сынып курсын жедел аяқтап, екінші жылы ант қабылдап, "Төтенше жағдайларда қорғау" мамандығы бойынша тәжірибеден өткенін айтты.

Диалог алаңында оқушылардың қызықты сұрақтары бойынша әңгіме жүргізілді.

Сатиева С.М., Бейсембаева С.А.