АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 01 Наурыз 2019 10:30

Жүргізушілерге арналған қалалық «Сөз шебері» байқауына қатысу

 28.02.2019ж. «Достар» мәдениет сарайында «Сөз шебері»  атты  жүргізушілерге арналған қалалық  байқауы өтті. Байқауға Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі атынан  «Бастауыш білім беру» мамандығының 1-курс білім алушысы Курманиязова Салтанат қатысты.

   Байқаудың мақсаты – жастар арасында сөз шеберлерінің талабын ұштау, тіл саясатын дамытуға үлес қосумен қатар,  жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау, ҚР Жастар саясаты Заңын іске асыру,бос уақытты дұрыс ұйымдастыру мен мәдени-этикалық құндылықтарға тәрбиелеу, салауатты  өмір салты ортасын, қала жастарының достық қарым-қатынасын құру болды.

   Байқау 3 кезеңнен тұрды:

  1. Өзін-өзі таныстыру
  2. Үздік МС (қатысушының залмен жұмыс істей білу шеберлігі)
  3. Қазақ халқы қаһармандарының (Талғат Бигелдинов,Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және т.б) рөлін сомдап, ойнап шығу.

   Байқау қорытындысы бойынша Курманиязова Салтанат қарсыластарынан жүзден жүйрік оза шауып, 1-жүлделі  орын Дипломымен марапатталды. Әділқазылар алқасы  Салтанаттың  көркемсөз саптауы, көрініс арқылы қаһарман бейнесін сомдау шеберлігін  бағалай келе, сайысқа әзірлеген жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы  Г.Е. Ибраеваға  алғысын білдірді. Сайыс жоғары деңгейде өтті.

Г.Е. Ибраева