ӨҚ 21Б тобымен ашық кураторлық сағат өткізілді. Сабақ барысында бейнероликтер, плакаттар және карточкалар қолданылды. Басты мақсат өскелен ұрпақтың бойына жақсы әдеттерді жүректеріне ұялатып, жаман әдеттерден қашық болуға тәрбиелеу. Жаман мен жақсыны айыра білуге үйрету. Сабақ барысында білім алушылар өз білімдерін көрсетіп, ойларымен бөлісе білді. Нашақорлық қазіргі күні өшіп келе жатқан ауру болғандықтан, келешек ұрпақтың бұл ауруға ықпалды болуынан сақтау. Адам бұл дертке душар болғанда өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының , қоршаған адамдарының өміріне қауіп туғызады. Сол себептен, еліктеуішке ермей, дертке тәуелді болмай, одан аулақ болуға тәрбиелеу. Оның орнына салауатты өмір салтын құруға баулу. Ашық тәрбие сағатына Тілдер кафедрасының оқытушысы Д.К Шаяхимов және Төтенше жағдай кафедрасының оқытушысы А.А.Абдина қатысты.
Өткізген А.К.Кокишева