28 ақпан күні «Әлем-нақты ғылымдар тілінде» атты математика, физика және информатика, химия, биология, георафия пәндері апталығының «Қызықты физика әлемінде» тақырыбында ӨҚ-11А,ӨҚ-11Б,ӨҚ-11В, ТЖ-11Б, ТЖ-11В,ТЖ-11Г,ЖББ-11 топтары арасында өткізілген интеллектуалды сайыс өтті. Білім алушылар екі топқа бөлінді: «Ойшылдар» тобы және «Тапқырлар» тобы.
Мақсаты: білім алушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Білім алушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыс алты турдан турды: «таныстыру», «кім жылдам», «ойланайық, ойлайық», «кім тапқыр», «сергіту сәті», «тіл өнер». Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті. Екі топ та білімдерінің бірдей екенін көрсетті.
Сайыста оқушылар физика пәнінен өз білім дәрежелерін көрсетіп, білім алды. Сайыс өте қызықты өтті. Сайысқа қатысушылар өз білімдерінің шыңын көрсетіп қоймай, білімдерін одан әрі жетілдіре түсті. Екі топ та грамотамен марапатталды.
Сарсенбаева Р.А.