АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 11:45

«Ақпараттық қауіпсіздік» сыныптан тыс іс-шара

27.02.2019 жылы "Әлем нақты ғылымдар тілінде" апталығы аясында ФК-12, ДОВ-12 топтарында "Ақпараттық қауіпсіздік" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жеке мәліметтерді қорғау, Киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелері, ұсыныстарды пайдалану, Қауіпсіз интернет ұғымын қалыптастыру туралы ақпарат беру.
"Қазақстанның киберқалқаны" киберқауіпсіздік тұжырымдамасын ұсыну үшін ақпараттық технологиялар бөлімінің жүйелік администраторы Р. У. Әлжанов тартылды. "Қазақстанның киберқалқаны" презентациясы көрсетілді.
Іс-шараны өткізу жоспары бойынша информатика мұғалімі Мушарапова О. Ф.
топтар арасында жарыстар мен көңілді, танымдық сайыстар өткізілді.
Шақырылған қазылар алқасы О. С. Корнева және Р. У. Әлжанов топтардың жұмысын бағалап, іс-шараның қорытындысын шығарды.