АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 11:21

Рухани жаңғыру - Ұлт үшін ұлы серпіліс!

25.02.2019 жылы ӨҚ-11А тобымен ашық кураторлық сағат өткіздім. Мұндағы басты мақсат- өскелең ұрпақтың бойына Ұлт көшбасының жоспарларымен, көреген саясатымен таныстыру. Сабақ барысында студенттер Рухани жаңғыру бағдарламасына қатысты ой бөлісті.

Сабақтың келесі бөлімінде "Ұлы даланың жеті қыры" атты Елбасының мақаласын студенттерге таныстыру жұмысы жүргізілді. Мұнда да студенттер өз ойларын ашық айтып, пікір алмасу үрдісін белсенді атқарды. Сондай-ақ, 2019 жылдың "Жастар жылы" болып жариялануына қатысты да келелі сөз қозғалды.

Ашық тәрбие сағатына Тілдер кафедрасының меңгерушісі М.А.Булатова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары С.Б.Абилтаева, Р.Н.Оспанова, Г.Е.Ибраева және А.Б.Бекназар, А.К.Кокишева сынды колледж оқытушылары қатысты.

С.К.Кенжеболатова