Бүгінгі саналы ұрпақ, ертеңгі елдің болашағы. Осы күнгі жасөспірімдер ертеңгі елдің зиялы қауымы, тәуелсіз мемлекетімізді жарқын жолға бастайтын жас ұрпақ.
Жас ұрпаққа рухани бағыт - бағдар беру мақсатында, Жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінің ТЖ-21 А оқу тобының білім алушылары 26 ақпан күні топ кураторы Д.Қ. Шаяхимовтың жетекшілігімен «Көкшетау қаласының тарихы» музейіне барып қайтты. Мұнда қаланың құрылу тарихымен әр жылдары жер аударылып келген басақа ұлт өкілдерінің тұрмыс - тіршілктері және Ұлы Отан соғысы кезінде елін қорғаған батырлар туралы қызықты мәлімет қамтылған.
Азаматтық қорғаныс кафедрасы