АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 03:52

Колледждегі математика күні

2019 жылдың 26 ақпан күні жоспар бойынша «Ғажайып математика әлеміне саяхат»  тақырыбында   «Колледждегі математика күні» болып бекітілген. Осыған орай таңертеңнен бірінші қабатта жиналған білімалушылармен «таңғы жаттығу» флешмоб ұйымдастырылып  өткізілді. Таңғы жаттығу кезінде қызығушылықпен білімалушылар қатарға өздері келіп қосылып жатты.

414 аудиторияда үзіліс кезінде  Нурсеитова Р.З мен Рахметова Р.З интелектуалдық  деңгейлерін көтеру мақсатында білімалушыларға логикалық тапсырмалар беріліп, математикалық ойындар,  қабырға газеттерінен сайыс  ұйымдастырды.

Апталық шеңберінде «Білім биржасы» зияткерлік сайысы бірінші курс білім алушыларының арасынды өткізілді.  Сайыс кезінде «Үшбұрыш», «Квадрат»  және «Трапеция» топтары өз ойларын еркін айта отырып, жылдамдығын, қабілеттері мен дағдыларын жарқын көрсете білді.

Зияткерлік ойынның әр тапсырмасын ойыншылар зор ынтамен орындады.  Сайысқа қатысқан білім алушылар грамотамен  марапатталды.

Автор: Нурсеитова Р.З.