АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 25 Ақпан 2019 12:39

Әлем-нақты ғылымдар тілінде

25 ақпан күні «Әлем-нақты ғылымдар тілінде» атты математика,физика және информатика, химия, биология, георафия пәндері апталығының ашылу салтанаты өтті.

Апталықтың мақсаты: математика, физика, информатика, химия, биология, география сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталықтың міндеттері: оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу.  Әр білім алушылардың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына жағдай туғызу. Пән оқытушыларының шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату.

Ашылу апталығында бейне көрініспен басталып, жоспармен таныстырылды, пәндерге байланысты тақпақтар, ән шырқалды. Апталықтың өтілуіне жауапты:  Сарсенбаева Р.А., Данилова Н.В., Рахметова Р.З.,  Нурсеитова Р.З.,Алпысбаева Р.К.,  Нефедова И.В., Есмагулова А. Б.

Сарсенбаева Р.А., Нурсеитова Р.З.