19.02.2019ж. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі оқытушылары Г.Е.Ибраева мен С.А.Бейсембаева Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№21 орта мектеп-лицейінде» 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді.
Келешек қоғамыздың басты тұлғасы - бүгінгі мектеп оқушылары екені белгілі.Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру – бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі» - деп атап өткендей, оқушыларға колледж даярлайтын мамандықтар, әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған қолданбалы бакалавриат, оның ерекшелігі, біліктілік сипаттамасы жайлы презентация, видеоролик арқылы жан-жақты мағлұмат берілді.Оқушыларды қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап беріліп, буклеттер таратылды.
Г.Е.Ибраева