22.01.2016ж. Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде республикалық самбо турнирі болып өтті. Ашық турнирге ТЖ-31 А тобының студенті Гиззат Алишер Аділұлы 56 кг. салмақпен қатысып, І орынға ие болды. Бұл іс- шараға қатысып отырған Гиззат Алишер бұл сайыс түрінен басқа дзю- до спорт түрімен де айналысады.Түрлі спортпен шұғылдану арқасында спорт шеберінің кандидаты куәлігін иемденді. Гиззат Алишердің бұл жетістіктері біз үшін мақтаныш. Болашағынан мол үміт күттіретін Алишер алдағы уақытта биік шыңдарды бағындырып, қазақ елінің туын асқақтатар азамат болатынына сеніміміз мол.
ТЖ-31 А тобының кураторы қазақ тілі және әдебиет пән оқытушысы Сейлбекова С.Ж.