АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 05:06

Қазақ күресінен XIХ қалалық «Сұңқар» Универсиадасында топтық есепте жоғары оқу орындары арасында 2-ші орын алған АҚЖКК (ВМКГЗ) балуандарын құттықтаймыз!

11-13-ші ақпан аралығында «Қайрат» қазақ күрес залында Қазақ күресінен XIХ қалалық «Сұңқар» Универсиадасы өтті. Бұл жарыста біздің балуандар жоғары оқу орындары арасында бақтарын сынады. Жарыс өте тартысты болды.

Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледж балуандары өздерінің дайындықтарын және өжеттіліктерін ашық және айқын көрсетті.

55 келі салмақ дәрежесінде 1-ші орынға ТЖ-21Б тобының студенті Сейтқожин Бағлан, 2-ші орынға ӨҚ-31А тобының студенті Орынбай Әлихан, 3-орынға ӨҚ-31А студенті Шайсұлтан Дәуіт ие болды. 60 келі салмақ дәрежесінде 2-ші орынды ТЖ-11Б тобының студенті Дауренбеков Арман иеленді. +90 келі салмақ дәрежесінде ТЖ-31А тобының студенті Неғмет Асылжан 2-ші орынға ие болды. Біздің балуандарымыз бұл жарыста нағыз ер жігіттің мінезін және қайратын көрсете білді.

Осы жүлделі орындардың ұпай саны бойынша АҚЖКК (ВМКГЗ) тобы топтық есепте 2-ші орынға ие болды.

Әдікен М.М.