АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 13 Ақпан 2019 11:50

Біздің спортшылар облыстық спартакиада жеңімпаздары!

Бәрекелді!

8-11 ақпан айының аралығында Ақмола облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің білім алушылары арасындағы облыстық  «Кезең» спартакиадасы бағдарламасы бойынша футзал жарысы өткізілді Бұл жарысқа 24 колледж  қатысты. Ақтық сынға  6 команда жолдама алды. Олардың қатарында  Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық коледжі, Астрахан №6 Агротехникалық колледжі, Щучье жоғары техникалық коллежі, Атбасар Аграрлық-Индустриалды колледжі, Щучье жоғары педагогикалық колледжінің командалары бар. Жартылай финалда А1 тобынан Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі  мен B2 тобындағы Атбасар индустриалды колледжі командасымен кездесіп 10:0 ұпай санымен біздің колледж жеңіске жетіп финалға жолдама алды.            

Финалда  Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық коледжі мен азаматтық көпсалалы жоғары  колледжі кездесіп   6:3 есебімен  азаматтық көпсалалы жоғары колледж командасы жеңіс тұғырына көретілді. Алдағы уақытта жеңіске жеткен колледж команда құрамасы Алматы қаласында өтетін респуликалық спартикиада да облыс намысын қорғайтын болады.

Шаменов А.Т.