АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 07 Ақпан 2019 04:44

Кіші калибрлі қарудан оқ ату жарысы

05 ақпанда 2019ж. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығуына 30 жыл толуына орай, Ақмола облысы Ауған соғыс ардагерлері мен мүгедектер одағы, «ҚР Қарулы Министрлігі Жоғары техникалық мектебі» Щучье филиалы және Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі мекемесі ұйымдастырылған  кіші калибрлі қарудан оқ ату жарысы өтті. Жарысқа Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің, Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің, Красный Яр а. Агротехникалық колледждің студенттері және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің курсанттары қатысты.

ТЖ-31 Б тобының білімалушысы Ахметжанова Аружан   жеке жарыста 1-ші орынды иеленді, сондай-ақ әскери-патриоттық шараларға белсенді қатысқаны үшін және атыс қаруының жоғары көрсеткіштері үшін «Қазақстандық патриоттар» медалімен марапатталды.

Жеке сайыста екінші орынды ТД-12 тобының студенті Исламбек Алибек алды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы есепте орындар төмендегідей бөлінді: 3-орынды Красный Яр а. № 3 агротехникалық колледжінің командасы алды, 2 орын - Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің командасы, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы 1-ші орынға ие болды.

Кайникенов А.Б.