АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 04 Ақпан 2019 03:49

Кітапхана – заманауи білім беру орталығы

«Кітапхана – заманауи білім беру орталығы»  атты кешіне ЖББ- 11, МДО-21,  ЖББ- 21 топтары  «Мағжан Жұмабаев» атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына  көрермен болып қатысты. Кеш барысында  ұйымдастырушы «Library.ru» ғылыми электрондық кітапхананың қалай қолданылуы жайлы мағлұмат берді.

Жыл көлемінде  кітапханамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаған оқу орындарын алғыс хаттарымен марапаттады. Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі марапат қағазына ие болды.

Киелі домбырамызбен дәстүрлі әндер айтылып, заманауи эстрадалық әндер шырқалды. Ұйымдастырылған іс-шара көпшілік қауымның,   келген қонақтардың көңілінен шықты.

Авторы: Рахметова Раушан Зайнулкабиденқызы.