Мәлік Ғабдуллин - қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының батыры. Ол бұрынғы Көкшетау облысы, Зеренді ауданында дүниеге келді. Аймақтық, әрі жерлес танымал қоғам қайраткерлерін студенттер біліп жүрсін деген мақсатпен, 26.11.2018 жылы Көкшетау қалалық Мәлік Ғабдуллин музейіне ӨҚ-11А тобы мен жетекшісі С.К.Кенжеболатова саяхатқа барды. Экскурсия барысында студенттер М.Ғабдуллиннің қолданған заттарын көрумен қатар, біршама тарихи ақпаратпен де білім көкжиегін кеңейтті.
Куратор: С.К.Кенжеболатова.