АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 15 Қазан 2021 09:48

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған пәндік олимпиада

2021 жылдың 15 қазан күнінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған "Төтенше жағдайларда қорғау" мамандығының 4-курс білім алушыларымен пәндік олимпиада өткізілді.

Бес кезеңнен тұратын олимпиадаға 9 команда қатысты, олардың мақсаты алдында азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білу, түрлі ауқымдағы ТЖ жою кезіндегі жағдаяттық міндеттерді шешу, шектеулі уақыт жағдайында шешімдерді жедел қабылдау біліктерін көрсету бойынша сұрақтарға жауап беру болды.

Қазылар алқасының бірауыздан шешімімен, Гран-при Анастасия Крюкова, Бекзат Қайратұлы Қамза, Нұрғалиева Анжелика құрамында ТЖ 42-А оқу тобының "Fire stop" командасына берілді.

Бірінші орынды ТЖ–42 Б оқу тобының "101" командасы, екінші – 4ТЖ-42 Г тобының "Звено" командасы, үшінші – ТЖ-41В оқу тобының командасы иеленді.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.