АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Wednesday, 30 April 2025 09:16

Көкшетау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасының ресми сапары

            2025 жылдың 30 сәуірінде Көкшетау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы — Сыздықов Саят Төлегенұлы азаматтық қорғау саласындағы білім беру мекемесінің қызметімен танысу мақсатында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне ресми сапармен келді.

            Сапар барысында Саят Төлегенұлы Азаматтық қорғаныс кафедрасын аралап, оқу үдерісінде пайдаланылатын материалдық-техникалық база, заманауи жабдықтар мен арнайы құралдармен танысты.

            Колледж басшылығы кафедра оқытушыларымен бірге №2 оқу ғимаратына және колледж базасында жұмыс істейтін оқу-өрт авариялық-құтқару бөлімшесіне экскурсия ұйымдастырды. Қонаққа оқу кабинеттері, тренажерлер, зертханалар мен қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған бөлмелер көрсетілді.

            Колледж әкімшілігі құрметті қонаққа білім беру саласына, оның ішінде азаматтық қорғау мамандарын даярлау мәселесіне ерекше назар аударғаны және конструктивті әңгіме үшін алғысын білдірді.

Site search

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp