АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Tuesday, 18 February 2025 04:19

Кездесу

2025 жылғы 18 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде білім алушылармен кездесу өтті. Осы кездесуге Көкшетау қаласы ПБ ЮПБ бастығы, полиция майоры Курмангожин С.К. және ЮПБ бөлімшелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Кажимов К.Б. қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау болды. Білім алушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары туралы ақпарат беріліп, кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқық бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтірілді.

Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және заң бұзушылықтың салдарын түсінуге жақсы ықпал етеді.

Site search

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp